Шекара шебіндегі «Нұркент» қалашығы жақын күндері қоныс тойын тойлайды

Dalanews 28 қаз. 2020 04:13 261

Шекара шебіндегі Панфилов ауданындағы «Нұркент» қалашығында бүгінде 60 пәтерлі қос үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде қос үйдің құрылыс жұмыстары 90 пайызға аяқталған. Тек әктеу-сырлау жұмыстары  ғана қалған. Мердігері «ТЕХНО СНАБ 2002» серіктестігі.

Құрылыс жұмыстары шілденің ортасынанын бері қызу жүріп жатыр. Жоспарға сәйкес қыркүйекте баспаналарды өткізіп беру керек. Алайда, қолға алынған жұмысқа індет біршама кедерігі келтіргенін айта кетуіміз керек. Десек те, құрылысшылар барлық жұмысты қараша айына дейін бәрін аяқтауды көздеп отыр.

Жалпы, мұнда салынып жатқан 1-2 пәтерлер үйлер. Әрқайсысы 44-73 шаршы метрден айналады. Тұрғындар қолайлығы жағдай туғызу үшін қос үйдің айналасы абаттандырылуда. Балалардың ойын алаңдары, тынығу орындару, спорттық жабдықтар қарастырылған. 5 қабатты екі тұрғын үйді салуға 1 млрд 32 млн теңгеге бөлінгенін айта кетуіміз керек.

Жалпы, Қазақ-қытай шекарасындағы аумақты дамыту 2013 жылы қолға алынған болатын. Алғашқыда мұнда 50 түтін ғана болса, қазір 3000-нан аса халық тұрады. Енді он жылдан соң мұндағы халық саны 50 мыңға жетеді деп күтілуде.


Мұнда негізінен темір жол, кеден, еркін экономикалық аймақта жұмыс істейтін мамандар тұратын болады. Қалашықтың жалпы ауданы – 1460 гектар.

Бас жоспарға сәйкес мұнда 600 балаға арналған мектеп, 240 орындық балабақша бар. Әлеуметтік нысандар қатары әлі де толығады. Келер жылы 80 пәтерлі тағы екі үй салынбақшы. Баспаналардың жобалық-сметалық құжаттары жыл соңында әзірленбек. Аймақты дамтыудың жоспарларымен аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Бауыржан Ермолдаев бөлісе кетті.

– Қазіргі 60 пәтерлі екі баспана азаматтар сұранысы бойынша салынуда. Дайын болғанда бұл үйлер мұқтаж жандар мен көпбалалы, аз қамтылған, кезекте тұрғандарға үлестіріледі. Алматы облысы әкімі тапсырмасына сәйкес, азаматтардың қолайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында мұнда барлық қажеттілік қарастырылған, – деп атап өтті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x