Түлкібастық шаруалар екі рет өнім алуды көздеп отыр

Dalanews 25 ақп. 2020 05:25 257

Түлкібас ауданының шаруалары биыл жыл бойына егістікке екі рет көкөніс түрлерін егіп, одан мол өнім жиып алуды көздеп отыр. Былтыр осы жаңашыл әдісті тәжірибе ретінде сынап көрген біршама шаруалар табыспен шықан болатын. Биыл қызығушыл танытқан диқаншылар қатары артып отыр.

Бүгінгі таңда бір жерден екі өнім алатын 154 шаруашылықтың тізімі жасалынып, жалпы көлемі 265,33 гектар жерге қызанақ, қияр, жүгері, ноқат, сарымсақ, картоп егіліп, мол өнім алуды көздеп отыр. Аудандық ауыл шарушылығы бөлімі мамандарының болжамына сәйкес,  алғашқы  өнім 1721,3 тонна, ал екнші өнім көлемін 4358,0 тоннаға жуықтайтынын айтып отыр.


Түлкібас ауданында ауыл шаруашылығы және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында ауқымды жұмыстар іске асып жатыр. Қазіргі таңда аудан әкімдігінің тиісті дербес бөлімдері мен кент, ауылдық округ мамандары тарапынан өз кәсібін ашуға қызығушылық білдірген тұрғындарға жан-жақты қолдаулар күшейтілген. Сонымен қатар, суармалы жерлерді ұлғайту мақсатында да жүйелі шаралар іске асуда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x