Әскери бөлімінен қару алып кеткен әскери қызметші Абылай Балғынбайды және оның екі сыбайласы – азаматтық тұлғаларды ҚР Ішкі істер министрлігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен жедел-тергеу тобы ұстады.
«Тінту кезінде олардан ұрланған қару тәркіленді. Тергеу сотының санкциясымен ұсталғандар қамауға алынды. Сонымен қатар, жекелеген лауазымды адамдардың, оның ішінде әскери бөлім басшылығының қызметтік міндеттерге немқұрайлы қарағаны үшін жауапкершілігі туралы мәселе қарастырылуда. Тергеу жалғасуда», - делінген мәліметте.
Естеріңізге сала кетсек, 20 ақпан күні Түркістан облысында Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімшесінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген кіші сержант А.Балғынбай кезекшілікті өз бетімен тастап шығып, бірнеше қару-жарақты ұрлап кеткен болатын.
Сол күні ІІМ және ҰҚК қызметкерлерінің арнайы жедел тобы әскери қызметшіні қолға түсірді. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «аталған қарудан ешкімге залал келтірілмегенін» атап өткен болатын.