Өмірзақ Шөкеев: «Түркістан жайлы әрі қауіпсіз болуы тиіс»  

Dalanews 30 қаз. 2019 11:27 209

Түркістан облысының әкімі  Өмірзақ Шөкеев күн батқанда шаһарды аралап, түнгі уақыттағы қаланың тіршілігімен танысты. Аймақ басшысы шаһардағы  екі шақырым жерде жаңадан орнатылған жарықтандыру желісінің құрылысын көріп, ерекшеліктерінен хабардар болды.

Заманауи үлгідегі ақылды сыртқы жарықтандыру жүйесінің  жарықшамдары ылғалға, кез-келген ауа-райына төзімді келеді. Электр жарығын тұтынуда үнемді әрі оны қашықтан басқарып отыруға болады.

Бүгінде қала көшелерінде сондай-ақ, бейнебақылау камералары да орнатылған. Бұл құралдар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету  мақсатында қойылған.

Сонымен қатар шұғыл жағдай орын ала қалған кезде  тәртіп сақшыларының жедел әрекет жасауына септігін тигізеді. Дегенмен бақылау камералары қаланың санаулы көшелерінде ғана кездеседі. Ал, барлық көшеге орнату мәселесі  қаржыға келіп тіреледі. Сондықтан пилотты жобада ұсынылған жарық желісі әлі қарастырылатын болады.


– Заманауи үлгідегі сыртқы жарықтандыру жүйесінің жарықшамдары ылғалға, кез-келген ауа-райына төзімді болғаны дұрыс. Оның үстіне электр жарығын тұтынуда үнемді болғаны да қолайлы. Бастысы – Түркістан түндері жарық әрі қауіпсіз болуы керек, – деді Өмірзақ Естайұлы.

Қала басшылығының айтуынша, алдағы уақытта Түркістан көшелерінде сыртқы жарықтандыру желісі мүмкіндігінше жаңартылады. Жыл соңына дейін көшенің 24 пайызы жарықшамдармен қамтылады деп күтілуде.

Аймақ басшысы бұл күні облыс орталығында жаңадан бой көтерген «Ақжайық»  музыкалық мектебінде де болды.

Батыс Қазақстан облысы тарту еткен екі қабатты ғимараттың құрылыс жұмысы қазір толық аяқталған. Дизайны ерекше үлгіде салынған нысан жақын арада пайдалануға берілмек.


Музыкалық мектептің 550 орынға есептелген концерт залы, конференц залы, оркестрлік бөлмелері және демалыс аймағы бар. Ал, қабырғалары жоғары сапалы акустикалық панельмен қапталған. Өнер шаңырағы барлық музыкалық аспаптармен де қамтылған.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Тағыда оқыңыз

https://dalanews.kz/47772

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x