Іс-шараға Түркістан облысы бойынша 1000-нан астам адам қатысты. Олардың арасында ата-аналар қауымдастығының өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, тәрбие саласы бойынша мамандары, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, Әкелер кеңестерінің/әкелер одақтарының өкілдері, жауапты әкелік үшін қозғалыстың белсенділері және БАҚ өкілдері болды. Түркістан қаласы, аудан, қала әкімдері жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшылары қатысты.
Аталған іс шарада қазіргі таңдағы өзекті мәселелер, жасөспірімдер арасындағы орын алып жатқан келеңсіз жайттер туралы сөз қозғалды. Әлдемдік тәжірибеге сәйкес Қазақстанда балалар, үйде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылыққа ұшырап отырады.
Балалар, ересектер сияқты негіз қалаушы құқықтарға, яғни, сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттың абыройын сақтау құқықтарына ие. Балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау. Оның жағымды қасиеттеріне сүйену, оның адамгершілік күйінде, потенциялды мүмкіндіктеріне сену сияқты өте биязылық дара қатынас қажет. Бала тәрбиесі салғырттыққа себеп-салдар іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық ұжымының кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланысқан одақ, нәтижелі жұмыс қажет екендігі конференцияда талқыланып, қатысушылар өз ойларымен пікір алмасты.
Сонымен қатар 2019 жылғы 22 қазан күні Сайрам ауданында №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының базасында «Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, ерте жүктіліктің, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және репродуктивті денсаулықты сақтау» тақырыбында ақпаратттық оқыту семинары болып өтті. Семинар барысында әйелдер мен қыздарға қатысты ерте неке мен зорлық-зомбылықты болдырмау бойынша жобаны іске асыру аясында, ағарту және насихаттау науқандарына ерлер мен ұлдарды тарту арқылы жауапты әкелікті гендерлік теңдік арқылы, жасөспірімдер арасындағы суицид пен буллингтің,зорлық-зомбылықтың және ерте некелердің алдын алу мәселелері бойынша тренингтер жүргізілді.
Сол сияқты аудан, қаланың өзге де мектептерінде дәл осындай шаралар өткізілуде. Мұндай іс-шаралардың балаларға тағлымдық тәрбиесі мол, нәтижелі жұмыс болатынына үлесі бары анық.