Шығыста 800-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады

Dalanews 18 мау. 2019 04:07 200

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірдің екі қаласындағы индустриалды аймақтарды дамыту мәселесін сөз етті.

Қазіргі таңда облыс орталығында жалпы аумағы 60,1 га құрайтын 2 индустриалды аймақ құрылған. «Өркен-ЖМК» қажетті инженерлі инфрақұрылымдарын жүргізгеннен кейін екі аймақта шамамен 5 жоба іске қосылады.

Қосымша 800-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.



Семейдегі 80 га аумақта орналасқан «Өндіріс» индустриалды аймағында 360 жұмыс орнымен қамтитын 6 жоба жүзеге асырылады.

Олардың қатарына теміржол құрамының тежегіш қалыбының өндірісі кіреді. Сондай-ақ, ирандық инвесторлардың қатысуымен ет өңдеу комбинатының құрылысы бар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x