Отбасылық жайлы демалысқа лайықталып жасалған саябақ ресми ашылса да, кейбір нысан құрылыстары әлі бітпеген. Олардың қатарында баскетбол алаңы да бар. Облыс басшысы бұл жұмыстарды маусымның онына дейін аяқтауды тапсырды.
Жуықта мұнда жағалауының ұзындығы 370 метр болатын табиғи бассейн пайда болмақ.
Қазіргі күні тоғандарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бассейн құрылысы бір жарым айдан кейін аяқталады деп болжануда.
- Осы саябақта барлығы табиғи болуы керек. Тұрғындар мұнда тек демалу үшін ғана емес, табиғатқа бір табан болсын жақындауға келулері тиіс.Сондықтан газондарды қырқып, қара жерді тегістеудің де қажеті жоқ,-деп атап өтті аймақ басшысы.