Шығыста сенсациялық археологиялық жәдігерлер табылды

Dalanews 10 мау. 2019 05:16 341

Кеше белгілі қазақстандық археолог Зейнолла Самашев Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовке Ұлан ауданы Бестерек ауылынан солтүстікке қарай 3 шақырым жерде орналасқан Ақбауыр тауындағы археологиялық ескерткіштерден табылған кезекті сенсациялық жаңалықты таныстырды. 

Бұл жерде жартас суреттері мен петроглифтері бар алаптарымен атақты Ақбауыр шатқалының бірегей табиғи ландшафтары аясында Зейнолла Самашев соңғы қола дәуіріндегі және ерте темір дәуіріндегі қоныс іздерін тапты.

Соңғы факт ерекше қызығушылық тудырған. Өйткені Қазақстан аумағындағы сақтардың отырықшы қоныстары өте аз зерттелген, ал елдің шығысында бұл алғаш рет ашылып отыр. Бұл жағдай ежелгі сақ халықтарының экономикасы мен қоғамдық құрылымын жаңаша зерделеу тәсілдерін ашады.

Дала кеңістігінің ертедегі көшпенділерінің тек көшпенді салт-ғұрпы жайындағы пікір әрдайым басым болатын. Атауы Ақбауыр-1 аталған елді мекеніндегі көп мөлшерде дәнүккіштер, керамикалар, қайрақ тастар, жылқы, қой, ешкі сүйектері көп мөлшерде табылған.

Бұл осы жерді мекендеген адамдар шаруашылығының кешенді сипатын айқын дәлелдейді. Жұмыс жетекшісі, профессор Зейнолла Самашев атқандай, бұл қоныстың шамамен уақыты б.з.д. XI - IX ғғ. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері мен оқытушыларының белсенді қатысуымен мыңнан астам керамика сынықтарының фрагменттері мен басқа да материалдар камералдық жағдайда өңдеу көзделінуде. Барлық артефактілер облыстық этнографиялық мұражай қорына беріледі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x