"Бұл сайлаудың жөні бөлек. Тәуелсіздік тарихында алғаш рет ешбір саяси партияның қолдауына иек артпаған, ешбір қауымдастықтың күшіне арқа сүйемеген оппозицияның жеке-дара өкілі екі бірдей саяси партия парламент сайлауында жинай алмаған дауыс жинап, салмақты саяси деңгейге көтерілді".
Қосанов өзіне дауыс берген жұртқа алғыс айтты.
"Маған қолдау танытқан барша бұқараның алдында басымды ием. Менің бағдарламам ел ішінде қаншалықты қолдау тапқанына куәмін. Осы қолдау, осы электораттың екпіні бізге билікпен тең дәрежеде тілдесуге мүмкіндік береді деп үміттенемін.
"Әлбетте, бір жұдырыққа жұмылған оппозицияның атынан додаға түссем, сайлаудағы көрсеткіш те көбірек болар еді.
Менің нәтижеме бойкот әсет етті. Тасада тығылып жүрген менің бір кездегі демократиялық лагерьдегі әріптестерім жариялаған бойкот бұл. Соның салдарынан көрсеткішке келгенде кемістік болды"
–деді Қосанов.
Қосанов халықтың бұл сайлауда қалай дауыс бергенін көзімен көрген.
"Билік транзиті халықтың қатысуымен, оның пікіріне құлақ асуымен жүзеге асарына көзім жетті. Мен атап көрсеткен міндеттер болашақ Қазақстанның қабырғасын қалауда ескеріледі деп есептеймін", – деді ол.
Сөзінің соңында Қосанов сайлауда жеңіске жеткен Тоқаев құттықтады.
"Тоқаев қоғаммен тілдесіп, әралуан пікірге түсіністікпен қарауға дайын екенін аңғартты. Оны бүгінгі жеңісімен құттықтаймын. "Халық пен биліктің арасында диалог орнатайық" дегені сөз жүзінде қалмайды деп сенемін. Бұған оппозиция өкілдері ретінде біз де жұмыламыз", – деді Қосанов.
https://www.facebook.com/q.aqparat/videos/416429012421693/