Аналарға құрмет көрсетілді

Dalanews 07 нау. 2019 11:57 223

Талдықорғандағы Б. Римова атындағы драма театрында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиын өтіп, онда облыс әкімі Амандық Баталов 200-ге жуық әйел азаматтарды мерейлі мерекемен құттықтады. Алты жетісулық анаға Алтын алқа, Күміс алқа тапсырып, құрмет көрсетті.

Өз құттықтауында облыс әкімі әйел-ананың қоғамдағы рөліне тоқталды. Олардың мемлекеттік қызметте, қоғамдық жұмыста, кәсіпкерлікте, ең бастысы ұрпақ тәрбиелеуде бар күш-жігерін жұмсап, табысқа қол жеткізіп жүргендігін атап өтті.

–  Қымбатты аналар,ардақты арулар! 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні –көктемнің ең ізгі, мейірім мен сүйіспеншілікке толы мерекесі. Баршаңызды осы айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын. Елімізде аналарға, әйел адамдарға зор көңіл бөлініп келеді. Оған «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жариялағаншешімі зор серпін қосты. Осы бағытта көп балалы және аз қамтылған отбасыларын қолдауда облыста көптеген игі шаралар атқарылатын болады. Барша ер азаматтардың атынан сіздерге ерен еңбектеріңіз, қажымас қайрат пен ерік-жігерлеріңіз үшін алғыс айтамын, – деді А. Баталов. Салтанатты жиында Іле, Қарасай, Талғар аудандары мен Талдықорған қаласынан келген көп балалы аналарға Алтын және Күміс алқалар тапсырды.

Жетісулық әйелдер қауымы атынан көп балалы ардагер ана, жуырда өткен партия съезінің делегаты Ғалия Ақбасова сөз алып, мерекелік тілегін жеткізді, сонымен қатар өздеріне көрсетілген құрмет пен қолдау үшін ризашылығын білдірді.

Шара мерекелік мазмұндағы концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Ана, көктем, жастық тақырыптарындағы әндер шырқалып, өлеңдер оқылды. Көрермендер қазақ эстрадасының белді өкілдері Тоқтар Серіков пен Әйгерім Қалаубаеваның, облыстық ұжымдардағы әншілер мен бишілердің, әртістердің, жас балғындардың өнеріне ризашылықпен қол соқты.

Жалпы, Алматы облысының тұрғыныныңжартысынан көбі, яғни 51%-і әйелдер. Мемлекеттік қызметте 4 019 адам болса, ондағы әйелдердің үлес-салмағы - 49 %. Атап өтер болсақ, әр деңгейдегі мәслихат депутаттарының қатарында60 әйел бар, ал146жергілікті атқарушы билік органынәйелдер басқарып отыр.



Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x