Түркістанның жас ғалымдары «Scopus Award – 2018» жобасында топ жарды

Dalanews 25 желт. 2018 04:31 199

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің жас ғалымдары Астана қаласында алғаш рет ұйымдастырылған Орта Азия бойынша «Scopus Award – 2018» жобасына қатысып, топ жарды! Бұл туралы ХҚТУ-дің баспасөз орталығы хабарлады.

Нақтылай айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының PhD докторлары Бақытжан Омаров пен Бағдат Баймұханбетов үздік мақалалары үшін «Best Researcher in Humanities» номинациясының ІІ орнын иеленді.

Аталған шараға университет президенті Болатбек Абдрасилов арнайы шақырылып, оған ерекше құрмет көрсетілді. Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов, «Elsevier» баспа үйінің басқарушы директоры Тайфун Башал, «Scopus» директоры, «Kun van der Krogt» Дүниежүзілік университетінің «Times Higher Education» рейтинг агенттігі РФ мен ТМД елдерінің аймақтық директоры Егор Яблоков, «Elsevier Central Asia» компаниясының аймақтық директоры Әлия Оспанова қатысты. Шара барысында Шығыс Еуропа мен Орталық Азия бойынша «Quacquarelli Symonds» рейтинг агенттігінің аймақтық директоры Зоя Зайцева Лондоннан тікелей байланысқа шығып, жүлдегерлерді арнайы құттықтады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x