Сарыағаштық жастардың белсенділігі артып келеді

Dalanews 25 жел. 2018 05:55 763

Қазіргі таңда Сарыағаш ауданында жастардың белсенділігі жоғары. Жалпы аудандағы халық саны – 327288 болса оның ішінде 14-29 жас аралығындағы жастар саны – 94259 құрайды. Бұл аудан халқының 28,8%-ын құрайды.

Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасарымен бекітілген 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 12 бағыт бойынша жұмыстар атқаруда.

Жастар мемлекеттік бағдарламаларды насихаттауды ұйымдастыру, жастар кәсіпкерлігіне қолдау көрсету, жастарды жұмыспен қамтуды үйлестіру, жастарға арналған қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарға психологиялық қызмет көрсету сынды маңызды міндеттер жататынын айта кетуіміз керек.

2018 жылдың бірінші 6 айында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 399 түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Бұл 2017 жылдың жарты жылдығымен салыстырғанда (220) 179 іс-шараға артқан.

Осы ретте сарыағаштық жастардың ұйымдастырған іс-шараларына тоқталастын болсақ, діни экстремизмнің алдын алу бағыты бойынша – 57 іс-шара, патриоттық, ақпараттық-насихаттық бағытынында 18 шара өткен. Ал осы іс-шараларға аудан бойынша 3083 жас қатысып, белсенділік танытқанын айта кетуіміз керек.

Ал мәдени, адамгершілік-рухани бағытында 54 іс-шара өтіп, 2017 жылдың 6 айлық көрсеткішпен салыстырғанда 29 іс-шараға артқанын байқауға болады. Психологиялық бағыттағы іс-шаралар саны – 58 шараға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 22 шараға ұлғайған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар