Тәуелсіздік – ең қастерлі ұғым!

Dalanews 14 желт. 2018 05:01 253

Бүгін «Абай» Мәдениет сарайында ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Мемлекеттік әнұранымыз орындалып болған соң залға жиналған көпшілік алдында аудан әкімі Болатбек Қыстауов мерекелік баяндама жасап, егемендіктің ең қастерлі құндылық екенін айтып өтті.

– Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылып, бүгінгі күні өзінің 27 жылдығына аяқ басты. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы, бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», — деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр, - деді Болатбек Дүйсенбекұлы.

Аудан басшысы Тәуелсіздіктің 27 жылдығын шардаралықтар да еселі еңбекпен, зор табыстармен қарсы алып отырғанын атап өтті.

– 2018 жылдың есепті мерзімінде аудандағы өндіріс кәсіпорындарында 5561,4 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Үстіміздегі жылы ауылшаруашылығы өнімнің жалпы көлемі 30 млрд теңгеге жоспарланса, арқада қалған 10 айдың өзінде 29554.9 млн. теңгенің өнімдері өндіріліп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда нақты көлем индексі 110,5 пайызды құрады. Нәтижесінде жақында ғана Түркістан қаласында өткен облыстық ауылшаруашылығы қызметкерлерінің «Алтын күз-2018» мерекесінде Шардара ауданы «Агроөнеркәсіп кешенінің даму бағдарламасы көрсеткіштерін озат орындаған аудан» номинациясы бойынша 1-ші орынды иеленіп, облыс әкімі Ж.Түймебаевтың сертификатымен марапатталды. Сонымен қатар, «Ірі қара мал басын асылдандыру бойынша озат аудан» және «Озық технологияларды ендіру» номинациясы бойынша да 1-ші орынға ие болдық. Инвестиция тарту бағытында да ауданымызда нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда: биылғы жылы 6 млрд теңгені құрайтын 2 мақта зауытының құрылысы жүргізілуде, сонымен қатар құны 300,0 млн. құрайтын «Бәйтерек» балық зауыты жұмысын бастады, - деді Болатбек Дүйсенбекұлы.

Тәуелсіздік мерекесінде бір топ азаматтартүрлі марапаттармен марапатталды. Аудан әкімі Болатбек Қыстауов Елбасы Жарлығымен берілген «Астана қаласына 20 жыл» мерекелік медальдарын еңбек ардагерлері Ыбырай Саховқа, Тәңірберді Ағманұлына, Мырзабай Нұрмановқа, Қызылқұм суландыру жүйесіне қарасты №4 бөлімшенің инженер-гидротехнигі, аудандық мәслихаттың депутаты Қозыбай Жанысбайға салтанатты түрде тапсырды. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың хатшысы Бұлтбай Мүтәлиев Түркістан облысының Грамотасымен, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, аудандық білім бөлімінің есепшісі Бейсенкүл Омарова облыс әкімінің Грамотасымен марапатталды. Облыстық мәслихаттың депутаты, Қазақстан инженер-педагогикалық Халықтар достығы университетінің ректоры, медицина ғылымдарының докторы, академик Рабиға Қуатбекова, Достық ауылдық округінің биі Жора Аманов, Көксу ауылдық округіндегі «Айлин» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Бұлқынай Сейілова, Шардара мектеп-лицейінің қызметкері Санжар Тоқсанбаев, А.Иманов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Гүлназ Бекетова аудан әкімінің «Алғыс хатына» ие болса, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс хатына» Айдана Жораева ие болды.

Мерекелік шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан қажырлы еңбектері үшін бір топ азаматтарға «Шардара ауданының Құрметті азаматы» атақтары табыс етілді. Аудандық мәслихаттың шешімі негізінде берілген осынау атақтарды аудан әкімі Болатбек Дүйсенбекұлы ардагер ұстаз Махмұд Момыновқа, зейнеткерлер Ерсайын Тұрлыбековке, Әбдісаттар Науатовқа, «Автомелиос» ЖШС-інің директоры Есенбек Қахановқа, «Қуатжылуэнергеорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бас инженерінің орынбасары Пазылбек Қанаевқа, «Оңтүстік жолдары» жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының аудандық учаске бастығы Мұсахан Мархабайға, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспановқа көп алдында салтанатты түрде тапсырды.

Аудан жұртшылығын айтулы мерекемен құттықтаған аудандық мәслихат хатшысы Бұлтбай Мүтәлиев те жемісті еңбек етіп жүрген азаматтарға марапаттар табыс етті. Атап айтар болсақ, Бұлтбай Лесбекұлы «ҚР қалалық, аудандық мәслихат хатшылары бірлестігінің» төрағасы Б. Сәдуақасовтың атынан «Облыстың Құрметті депутаты» медалін №16 колледж директорының орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаты Зәкірхан Талбидинге, «Ерен еңбегі үшін» медалін аудандық мәслихаттың депутаты, «Мырзакент» мақта өңдеу зауытының аудандық филиалының менеджері Жаңабай Тұрлыбаевқа, Шардара аудандық мәслихатының Грамотасын аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Есенбай Бейсенбиевке, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Қалдығыз Қошимоваға, аудандық мәслихаттың «Алғыс хатын» Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебінің директоры Алтынбек Тұңғышбаевқа, С.Кәттабеков атындағы жалпы орта мектебінің директоры Нүркен Кәттабековке, аудандық Оқушылар үйінің директоры Сапаркүл Жиенбаеваға, «Арайлым» балабақшасының педагогы Ұлтусын Күметоваға, осы балабақшаның әдіскері Сәуле Рысбаеваға, аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің нұсқаушысы Дәндібай Қосаевқа, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Бекзат Көмешғалиевке тапсырды.

Мерекеге қатысқан облыстық мәслихаттың депутаты Рабиға Қуатбекова шардаралықтарды айтулы датамен құттықтады. Рабиға Әбдімұсақызы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасовтың атынан «Балапан» балабақшасының директоры Құралай Тілешоваға, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерғали Қарымсақовтың атынан «Бәйшешек» балабақшасының директоры Баян Қалыбековаға «Алғыс хаттар» табыс етті.

Ел егемендігінің 27 жылдығына арналған салтанатты шарада аудан өнерпаздарымен бірге Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияның әншілері және Қазақстан инженер-педагогикалық Халықтар достығы универстетінің өнерлі студенттері әсем әннен шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.



Шардара аудан әкімінің баспасөз қызметі

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x