Ақментай Үсенұлы Оразбай Ақмаралды алған жүлдесімен құттықтап, Қазақ елінің сондай-ақ Келес ауданының атын төрткүл дүниеге танытқаны үшін алғысын айтып, алғыс хатын және сыйлығын табыстады.
Сөз кезегінде Ақмарал Шәдібекқызыда алдағы уақытта үлкен сенім білдіріп отырған қазақ елінің, киелі Келес өңірінің атын әлемдік додаларда атын шарықтатынын атап өтті.
Сондай-ақ, сенім білдіріп додаға дайындаған ұстазы Бердібек Алимов және қола жүлдегердің әкесі аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Айта кететіні бұл жайт Келес ауданы жаңадан құрылғалы әлем біріншілігінен жүлдегер атанып отырған екінші спортшы.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының басында Қырғызстандағы III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Келес ауданы Ошақты ауылдық округінің тумасы Әуезхан Құрбанқұлов түрік күресінен 65 келі салмақ бойынша әлем чемпионы атанған болатын.
Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі