Алматыда қала көшелерінің бұрынғы атауларын атап, әлеуметтік желіде дау тудырған блогерге сот айыппұл салды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Әңгіме блогер Айгерім Бердалиеваға (Mini Knopka) қатысты. Ол Threads желісіндегі жазбасында Алматының қазіргі атауларының орнына «Ленина», «Фурманова» сияқты бұрынғы атауларды қолданып, әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түскен.
Жазбада балағат сөздер де қолданылған. Осыдан кейін блогердің үстінен құқық қорғау органдарына арыз түсіп, дау қоғамдық резонансқа ұласты. Кейін Бердалиева жазбасын өшіріп, өз әрекетіне байланысты көпшіліктен кешірім сұрады.
Сот блогерді әкімшілік жауапкершілікке тартып, оған айыппұл салды.
Оқиғаға қатысты бұған дейін Eurasian Fashion Week те блогердің суреттері орналастырылған жарнамалық материалдарды алып тастайтынын мәлімдеген.