Шардарада Тәуелсіздікке арналған жарыс өтті

Dalanews 16 желт. 2018 03:41 276

Шардара ауданында 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне арналған армрестлингтен ересектер, жасөспірім ұлдар және қыздар арасында гір көтеру спортынан жасөспірімдер арасында жарысы болып өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Шардара аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, қол күресінен кішкене ғана Шардарадан көптеген Әлемді бағындырған чемпиондар бар екенін мақтанышпен айтатынын және «Шардара армспорт» спортклубының негізін қалаған ұлағатты ұстазымыз Арман Қарсыбаевқа алғысын білдірді.

Сонымен қатар жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысты ашық деп жариялады.

Айтулы додаға Облысымыздың түкпір-түкпірінен және Шымкент қаласынан келген құрама командалар қатысты. Армрестлингтен ересектер арасында 60 келі салмақта I орынды Әбсаттар Даурен иеленсе, II орын Нұрмахан Ердаулетке бұйырды, III орынды Рүстембек Жарылқасын жеңіп 60 келі салмақ дәрежесі мәресіне жетті.

70 келі салмақты Рүстембек Талғатбек барша қарсыластарынан басым түсіп I орын алса, II орынды Айдархан Нұрдаулет Қанжығасына байлады, III орын Өсербай Қыдрға бұйырды, 80 келі салмақ дәрежесінде I орын Шамиев Мағжан, II орын Ақтаев Талғат, III орын Шамиев Қайырхан сынды спортшыларға бұйырды, +80 келі салмақта I орынды Оңғарбаев Қыдырғали бағындырса, II орынды Мұханбетов Рысдаулет қанағат тұтты, III орын Қарсыбаев Ғалымжанның қоржынында кетті.

Тәуелсіз еліміздің төл мерекесіне орай ұйымдастырылған жарыста жеңіске жеткен спортшыларымызға арнайы дайындаған дипломдар мен медаль және сый-сиапаттар табыстады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x