Сарыағашта тұрғын-үй құрылысы саласы жандануда

Dalanews 11 желт. 2018 09:27 178

Биылғы жылы Сарыағаш ауданында 585 пәтерлі 13 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Алдағы уақытта 780 мың шаршы метр тұрғын үй ел игіліне беріледі деп күтілуде.

Айта кетелік бұдан бұрын Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданындағы сапары кезінде Қапланбек оқу-тәжірибе шаруашылығы аумағындағы «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысқан еді.

Сол сапарында өңір басшысы аудандағы тұрғын-үй құрылысын қарқынды жүргізіп, алдағы уақытта бой көтеретін баспаналардың саны ғана емес, олардың сапасына да баса мән беру керектігін қадап айтқан. 


Айта кетейік, бүгінде ауданда 4 мыңнан аса азамат тұрғын үй кезегін күтуде. Мұндай көлемдегі тұрғын үй құрылысы шамамен жарты ғасыр ішінде болмаған болмаған деп отыр шенеуніктер.

Сондай-ақ, тұрғын үйлерді салу барысында ауыз су, газ, электр, жылу, жол және абаттандыру жұмыстары сынды барлық инфрақұрылым мәселелері шешімін табатын болады. Өңір басшысы аудан әкіміне кәріз жүйесінің шешімін табуды мықтап тапсырған еді. Құрылыстың сапасын және жұмыс процесінің кешеуілдемеуі де жергілікті билік өкілдерінің назарында болмақ.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x