Тәуелсіздікке тарту: Төлеби ауданында тамаша бір үрдіс қалыптасқан

Dalanews 14 жел. 2018 03:09 865

Туған жерді түлетуге титімдей болса да үлес қосу әр азаматтың перзенттік парызы. Ауылын абаттандыруда кішкене бола ма, жоқ ауқымды сыйлық бола ма маңызды емес. Бастысы ниет.

Төлеби ауданында бүгінде тамаша бір үрдіс қалыптасқан. Кімнің идеясы болса да керемет. Әр ауылда мектеп бітіргеніне 10, 20 жыл болған түлектер атаулы мерекелер кезінде ағайынның алғысына бөленетін сауапты іс атқаруда. Олар үшін өздері білім алған мектептеріне сый тарту ету жазылмаған заңдылық іспеттес.

Жуырда ауданға қарасты Тасарық елді мекенінде 1998 жылғы бітірген түлектер яғни, осы елдің 1981 жылы туылған азаматтары Тәуелсіздік күніне арнап үлкен сый жасады.

Өз ауылындағы жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өз қаражаттары есебінен спорттық күрес залын ашып берді.


Қара жұмысқа піскен ауыл балалары енді аталмыш залда шынығып, шеберліктерін шыңдайтын болады. Жақын болашақта дәл осы залда күрестің әліпбиін үйренген өрендер әлемді мойындатып жатса таңқалмаңыз. Алдыңғы буын ағалары салып берген күрес залының осындай игілікті істердің бастауы болатынына сенім басым.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар