Мақтаарал ауданында мектеп жанынан қосымша ғимараттар салынуда

Dalanews 07 қар. 2018 09:21 188

Күні кеше ғана өз алдына жеке аудан болып құрылған Мақтаарал ауданында білім беру мекемелерінің құрылыс нысандары аяқталып,  пайдалануға беріліп жатыр. Осылайша білім беру саласы жан-жақты даму жолына түсті.

Биылғы оқу жылының қарсаңында №117 негізгі орта мектебінің 200 орынды, Нұрлыбаев атындағы №111 жалпы орта мектебінің 200 орынды, А.Фердауси атындағы жалпы орта мектебінің 600 орынды, Н.Бекежанов атындағы жалпы орта мектебінің 200 орынды ғимараттары салынып, іске қосылды.

Ал желтоқсан айында Қажымұқан атындағы жалпы орта мектебінің 600 орынды жаңа ғимараты пайдалануға берілмек.

Сонымен қатар, А.Қалыбеков ауылдық округінің Атамұра ауылында 300 оқушыға арналған, Жамбыл ауылдық округінің Кеңесшіл ауылында 300 орынды ғимараттардың құрылысы жүргізілуде.

Бүгінде білім сапасының басты көрсеткіші ҰБТ-ы екені жасырын емес. Бұл орайда жаңадан құрылған Мақтаарал ауданында жетістіктері жетерлік.

Биыл аудан бойынша 1603 оқушы 11-сыныпты бітірді. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 51 мектептен 999 оқушы (62,3%) өтініш берген. 145 оқушы (14,5%) 100 және одан көп балл жинады (2017 жылы 72 оқушы (7,9 %) болған еді). Ең жоғары көрсеткіш – 134 балды Абылай хан атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Алдияр Талбидинов жинады.

«Алтын белгі» бойынша 56 мектептен 96 оқушы білімдерін дәлелдеді. 58 оқушы үздік аттестат иеленді.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x