Мақтааралда 3753 мұғалім жұмыс істейді

Dalanews 13 қар. 2018 09:12 770

Жетісай ауданынан бөлініп шыққан Мақтаарал ауданы іргесін көтеріп, шаңырағын қайта тіктеді. Арада көп уақыт өтпесе де Мақтаарал ауданы өзінің бағытын айқындап, даму жолын түзеп үлгерді десек болады.



Аудан алғаш құрылған күнінен бастап әкімдік қызметкерлері үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Солардың арасында білім беру саласының жұмысын бөліп айтуға болады. Бүгінде аудандық білім бөліміне қарасты 56 мектеп жұмыс істейді. Білім мекемелерінде 27108 оқушы тәрбиеленуде. Қосымша ұйымдарда 1146 оқушы қосымша білім алып жатыр. Қазақ тілінде оқитын оқушылар саны – 11845, қазақ-орыс тілінде оқитын оқушылар саны – 9807, қазақ-өзбек тілінде оқитындар саны – 2943, қазақ-тәжік тілінде оқитын оқушылар саны – 2132, қазақ-өзбек-орыс тілінде оқитын оқушылар саны – 381. Бізде 3753 мұғалім жұмыс істейді.

2018 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша 96 балабақша жұмыс істесе, ондағы топ саны 355-ке жетті. Сөйтіп, 3-6 жас бойынша балаларды балабақшамен қамту 93 пайызды құрап отыр. Оның ішінде 1-6 жас бойынша балаларды қамту 45 пайызды құрады.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, тілдің үштұғырлылығын дамыту туралы қойған міндеттерді орындау мақсатында «Ақберен», «Шолпан» бөбекжай-балабақшалары «Көптілділікке баулу – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бойынша әдістемелік эксперимент сипатындағы балабақша ретінде жұмыс істейді.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар