Сыртқа өнім саудалауда Түркістан облысы алда келеді

Dalanews 21 қар. 2018 08:18 216

Қазіргі таңда ауыл шаруашлығы тауарларын сырт елдерге экспорттауда Түркістан облысы өзге өңірлерге қарағанда оқ бойы озық түр. Егер статистикалық көрсеткіштерге көз салып қарайтын болсақ, Түркістан облысындағы ауыл еңбеккерлерінің өндірген өнімдер Ресей, Беларусия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан,  Қытай, Түркия, Иран, Латвия, Литва, Эстония және Германияға экспортталатынын байқауға болады.



Бүгінде облыс аумағындағы шаруалар сырт елдерге көкөніс пен бақша дақылдарын дан басқа бұл елдерге үндік еті, сусындар мен ірі қара малға арналған азық пен балық консервілерін шығарып келеді.

Соңғы уақытта облыста қарқынды бау шаруашылығын дамыту және жаңа технологияларды қолданудың арқасында бақша өнімдерінің көлемі артты. Осының нәтижесінде, жеміс импортының үлесі 99,3 млн. долларға немесе 33,3 пайызға, ал көкөніс 6,2 млн. долларға немесе 4,8 төмендеген.

Жалпы Түркістан облысында 21 кәсіпорын өз өнімдерін шет ел асырып, экспорттайды. Аймақтың кәсіпкерлері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан және Тәжікстан Республикаларына өсімдік майы мен ұн, балық сүбесі мен консервіленген балық, құс жұмыртқасын, макарон, кондитерлік өнімдерді, қой етін және сиыр етін шетел нарығына саудалауда.

Аграрлы аймақтың шаруалары көкөніспен қатар дәнді-дақылдарды да экспорттауға ерекше басымдық беріп келеді. Жалпы ауыл шаруашылығы экспортының көлемі бүгінгі таңда 211,4 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6 пайызға өскен. Ал импорт көлемі 320 млн. АҚШ долларын құрап, 4 пайызға кеміген.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x