Түлкібас – Қазақстанның «Швейцариясы»...

Dalanews 02 қар. 2018 14:26 746

Тоғыз жолдың торабында орналасқан, таңғажайып табиғатымен көпшілікті тамсандырған Түлкібастың экономикалық мүмкіндігі зор. «Қазақстанның Швейцариясы» атанған киелі мекенні туризмді дамытуда мүмкіндігі зор.



Сұлулығымен көз тартатын «Ақсу-Жабағылы» қорығының өзі тұрады. Бүгінде қорықты аралауға сонау Еуропа, Америка мен Жапониядан жыл сайын толассыз туристер келіп жатады. «Түлкібас» десе  алма, «алма» десе  Түлкібастың еске түсетіні тағы бар.

Ел арасында Бұл өлке  қызғалдақтар отаны ретінде де кеңінен танылған, мұны шетелдіктер де мойындап отыр.  Яғни, бұл өлкенің экономикалық, ауылшаруашылық және туристік әлеуеті өте зор.

Түлкібас – есімі елге белгілі қайраткер тұлғалардың отаны,  туған жеріне өшпес ізін қалдырып, елеулі еңбек еткен Алаштың айбыны Тұрар Рысқұловтың туған жері.  Міне,  еңселі Алатау мен қарт Қаратаудың түйіскен тұсындағы Түлкібас ауданы биыл 90-жылдығын атап өтті.

Түлкібас әлеуметтік-экономикалық даму жағынан Түркістан облысындағы алдыңғы қатарлы аудандардың бірінен саналады.  Ауданның ауыз толтырып айтатын жетістіктері, түрлі салалардағы табысы баршылық.

Кезінде Кеңес Одағы тұсында салынып, аты дүркіреген цемент, әк зауыттары және бидай, жүгері өндіретін зауыттар тәуелсіздік алған жылдары қайта түлеп, қанатын кеңге жайып, нарықтық бәсекеде дес бермей келеді. Бертінгі жылдары ауданда кәсіпкерлік саласы дамып, отандық өнімдер, азық-түлік, сүт өнімдері шығарыла бастады. Мұның өзі халықтың әл-ауқатының артқанын көрсетеді.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдардағы жалпы өңірлік өнім жарты миллиар теңгені жуықтаса, бүгінгі күні 11 миллиард  108 миллион теңгені құрап, жан басына шаққанда 99,8 мың теңгені құрады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x