Өңірдегі өнеркәсіптің аудан экономикасындағы маңызы орасан зор. Жұмыспен қамтылған халықтың 11,7 пайызы осы салада қызмет етеді. Ал жалпы өңірлік өнім құрылымындағы бұл саланың үлесі 26пайызды құрайды. Қазіргі таңда ауданда 1 ірі, 4 орта, 23 кіші және 4 қосалқы, барлығы 32 кәсіпорын жұмыс атқаруда. Олар негізінен тамақ өнеркәсібінде, құрылыс материалдары өнімдерін және кен өндіру саласында шоғырланған. Осы кәсіпорындар жыл басынан бері 4 миллиард 811,7 миллион теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 104,5 пайызды құрады.
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Түлкібас ауданында 2010-2018 жылдар аралығында жалпы құны 1 миллиард 730 миллион теңгені құрайтын төрт жоба іске асырылды. Алдағы уақытта индустрияландыру картасы аясында 31,3 миллиард теңгеге бағаланатын 4 жаңа жобаның іске қосылуы жоспарланып отыр.
Dalanews.kz