Қазақстандағы құрылысты енді жасанды интеллект бақылайды

Қазақстандағы құрылысты енді жасанды интеллект бақылайды
pixabay.com

Қазақстанда құрылыс алаңдарын жасанды интеллект арқылы бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылыс нысандарын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін бейнемониторинг жүйесін енгізуді көздеп отыр.

Жаңа жүйе құрылыс нысандарын картадан онлайн бақылап, әр жоба бойынша арнайы «паспорт» қалыптастырады. Онда нысанның орналасқан жері, тапсырыс беруші мен мердігер, құрылыс мерзімі және негізгі параметрлері көрсетіледі.

Ведомствоның мәліметінше, жасанды интеллект құрылыс барысындағы заң бұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік береді. Анықталған жағдайда жұмыстарды тоқтату, сондай-ақ лицензиялар мен рұқсат құжаттарын кері қайтару шаралары қолданылуы мүмкін.