Түлкібас ауданы жұмыссыздықпен қалай күресуде

Dalanews 26 қар. 2018 13:45 274

Бүгінде Түлкібас ауданы бойынша экономикалық белсенді халық саны 57,2 мың адамды құраса (өткен жылдың тиісті кезеңінде 54,0 мың адам болған), Жұмыспен қамтылғандар 54,2 мың адамға жетіп, жұмыссыздық деңгейі 5,2%-ды  құраған.



Қазіргі таңда елімізде жұмыссыздық көлемін төмендету бағытында бірқатар әлеуметтік бағдарламалар қамтылып, жұмыс істеп жатқаны белгілі. Осы мемлекеттік бағдарламалардың пайдасын Түлкібас ауданының тұрғындары да көріп отыр.

Бүгінде ауданда техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау курстарына 100 азаматты және жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастырғанын атап өтуге болады. Жалпы жаңа мамандықтарды меңгеру үшін аудандық жұмыспен қамту бөліміне тұрғындар тарапынан келіп түскен өтініштер бойынша 195 адам 10 мамандық бойынша біліктілігін шыңдаған. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 36,3 млн. теңге бөлініп, бес оқу орнымен келісім-шарт түзіліп, 195 азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына жолданды. Олардың 5-і мүгедек, 70-і жастарды болғанын айта кетуіміз керек.

Бағдарламаның екінші бағытында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2018 жылы «Бастау-бизнес» жобасы бойынша 315 азаматты кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында 35 азаматқа шағын несиелер берілді. Қазіргі таңда 166 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданып, 157 азамат оқуына аяқтап сертификаттарын алып, 52 азаматқа  207,8 млн. теңге несие берілді. Сонымен қатар 27 азаматқа басқар қаржы институттарының есебінен несие берілген.

Ал әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша 2018  жылы барлығы 100 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу  жоспарланып, 142 азамат (142%) жіберілді. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 26,4 млн. теңге қаржы бөлініп, 21,6 млн. теңгесі игерілді.

Бағдарламасы аясында құрылатын «Жастар практикасына» 2018 жылы  оқу орындарын 2016-2018 жылы бітірген 29 жасқа дейінгі барлығы 200 жастарды жіберу межеленген. Бұл мақсатта республикалық бюжеттен 72,1 млн. теңге қаржы қаралып, 64,7 млн. теңгесі игерілді. Аудан көлеміндегі 112 мекемемен келісім-шарт жасалынып, 320 жұмыссыз жастар практикасына жолданды (160 пайыз), оның ішінде 4 мүмкіндігі шектеулі жандар.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x