Сайрам ауданы еліміздің батыс өңірлерімен әріптестік байланыс орнатуда

Dalanews 17 қар. 2018 11:44 724

Өңіраралық әріптестіктің пайдасы мол. Осының нәтижесінде аймақтар өзара тәжірие алмасып, экономикалық бағыттағы бірлеске жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік алады. 

Осы орайда Түркістан өңіріне Батыс Қазақстан облысынан арнайы келген делегаттар Сайрам ауданындағы бірқатар шаруашылықтардың жұмысымен танысып шықты.

Қонақтардың алғашқы аялдаған нысаны Қарабұлақ ауылындағы жаңадан бой көтерген мал базары болды. Аталған нысан 2 мыңнан 5 мың басқа дейін төрт түлікті қабылдауға қауқарлы. Жылқыға, қара малға, уақ малға арналған орынжайлар қарастырылған.


Келушілер үшін асхана, автотұрақ жайлары да орналастырылған. Қонақтар сондай-ақ бірнеше ұсақ шаруашылықтың басын қосқан «Ет Агро» қожалығының жұмысымен де танысты. Бұл қожалықтың өз мал сою бекеті мен бордақылау алаңшасы бар. Жем-шөп сақтайтын қоймасы да орныққан.

Еліміздің батысынан келген қонақтар «Қайып ата» ЖШС-ның мал сою бекетіне де ат басын тіреді. Аталған бекет бүгінде Иран, Ресей, Өзбекстан елдерімен тығыз байланыс орнатқан. Мал сою құрылғылары да заман талабына сай.

Сапар аясында екі өңірдің өкілдері бірлескен жобаларды жүзеге асыратын болып уағдаласты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар