Сайрамда білім беру ұйымдарының сапасы артып келеді

Dalanews 26 қар. 2018 08:33 225

Биыл Сайрам ауданында қосымша құрылысты қажет ететін 8 білім беру нысандарының  құрылысына барлығы 691,8 млн. теңге қаралып, оның 668,2 млн. теңгесі облыстық бюджеттен және 23,6 млн.теңгесі аудандық бюджеттен қаралған-ды. Бүгінде барлық қаржы тиісті мақсаттар бойынша жұмсалып, жас жеткіншектердің білім алуына бар жағдай жасалған.

Биылғы оқу жылының бастында Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылында балалардың цифрлы және функционалды сауаттылығын арттыру мақсатында тегін оқытатын IT сыныбы ашылған болатын.

Бұл «Нұр Отан» партиясының мұрындық болуымен алдағы үш жыл ішінде республика бойынша ашылуы тиіс «Балаларға арналған тегін IT сыныптар» жобасы аясындағы мың тегін оқытатын ІТ сыныптың бірі.

Алдағы уақытта жалпы Сайрам ауданында тағы да осындай 19 сынып ашу көзделуде.

ІТ сыныптың ашылғанына ата-аналар мен балалар қатты қуанды. Өйткені бұл сыныпта оқушыларға қарапайым алгоритмдерді құру, еуропалық білім беру стандарттарына сәйкес бағдарламалар мен WEB-сайттарды құру дағдыларын игеруге мүмкіндікке ие болып отыр.

Ең маңыздысы, оқушылардың заманауи сауаттылығы артады және инженерлік-техникалық ойлау дағдылары қалыптасатыны белгілі.

Қазір аудан бойынша 12 мемлекеттік балабақша, 10 мектеп жанындағы шағын орталық және 72 жекеменшік балабақшада балабақшамен қамтуды қажет ететін 15100 баланың 14266 баласы тәрбиеленуде, яғни қамту пайызы 94,5%. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 3 балабақша құрылыстары жүргізіліп, ағымдағы жылдың мамыр айында Ақсу ауылындағы 200 орындық Абылайхан атындағы орта мектебінің  ғимаратын балабақша етіп қайта құру жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды.

Сайрам ауданындағы білім беру мекемелерінің 2018-2019 жылғы қысқы  жылыту маусымына тас-түйін дайындалған болатын.



Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x