Биыл Түркістан облысында 35 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді

Dalanews 07 қар. 2018 10:22 679

Биыл Түркістан облысының 16 аудан-қалаларының барлығында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің 35 жәрмеңкесі өткізілді.

Осы шаралардың аясында 332 млн теңгенің 2208 тонна өнімі нарықтағы бағадан 15-20 пайызға дейін төмен сатылды. Сондай-ақ биыл Астананың 20 жылдығына орай Түркістан облысы тауар өндірушілерінің 4 рет жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған 90-ға жуық тауар өндірушілер қатысып, құны 826 млн теңге болатын 1753 тонна өнім саудаланған.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұржігіт Мырзахметовтың айтуынша Түркістан облысы биыл 2,7 млн жеміс-жидек жинап, ректордтық көрсеткішке қол жеткізді.

Оның 500 мың тоннасын Ресей, Беларусь, Литва, Германия мемлекеттеріне экспортталса, 1 млн тоннасы еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтілді. Ет экспорты 4,6 тоннаға жетіп, республикадағы үлес 52 пайызды құраған.


Бұдан бөлек Түркістан облысында биыл тұрақтандыру қорына 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Оған барлығы 19 түрлі азық-түлік өнімдері сатып алынған. Мәселен, 4,5 мың тонна картоп, 1200 тонна пияз, 1 мың тонна сәбіз қоры бар. Мамандардың айтуынша, өңір халқына қажетті азық-түліктің барлығы жеткілікті. Сондықтан биыл облыста азық-түлік бағасы қымбаттамайды.

Ал Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация төрағасының орынбасары Маратбек Мырзамұратов айтуынша қазіргі таңда мың тонна ұн, мың тонна шекер, 70 тонна күріш, 50 тонна күнбағыс майы сатып алынбақ.

"Одан бөлек 190 тонна ет өнімі бар, тауық еті бар, осыларды сатып алуды жоспарлап отырмыз. Осындай көлеммен біз шымкент қаласын қамтамасыз етіп келдік, Түркістан қаласы халқының саны әлде қайда аз, сондықтан біз алған тауарлар жеткілікті деп сенеміз», – дейді ол.

Дәл қазіргі уақытта өңірдегі қоймаларға мыңдаған тонна азық-түлік түрлері жеткізілген. Осы аптадан бастап, Түркістан қаласында 4 жерде тұрақтандыру қорының тауарлары арзандытылған бағамен сатылып жатыр

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар