Кемел келешекке қол созған – Мақтаарал ауданы

Dalanews 13 қар. 2018 05:27 399

Күні кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен жеке өз алдына аудан болып құрылған Мақтаарал ауданы бүгінде өзінің даму жоспарын айқындап, кемел келешекке қол созып келеді.

Бүгінде ауданның даму концепциясы әзірленуде. Кешенді жоспарға сәйкес, ауданның кіреберісі саналатын Азаттық ауылынан бастап Атакентке дейінгі, одан Мырзакентке дейінгі жолдардың бойы абаттандырылып, жарықшамдар орнатылмақшы. Сондай-ақ, Атакент пен Мырзакенттің кіреберіс қақпаларын жаңадан салу үшін сәулеттік жобалар дайындалып жатқанын аудан әкімі Бақыт Асанов мәлім еткен болатын.

Мақтаарал ауданының жаңа әкімшілік орталығы – Мырзакенттің жол жиектері жаңа кейіпке енеді. Нақтырақ айтсақ, шарбақтар мен жол шамдары орнатылып, абаттандырылмақ. Көгалдандыру жұмыстарын жалғастырып, жаяу жүргіншілерге арналған аяқжолдар салу жоспарлануда. Абаттандыру жұмыстары ауданның барлық елді мекендерінде жүргізіледі.

Қазір аудан орталығындағы Қожанов, Мадиходжаев, Тойғанов көшелерінің жиектастары әктеліп-сырланған.

Аудан әкімі аппаратының ғимаратын жөндеуден өткізу, мәдениет және спорт нысандарын абаттандыру, ғимараттарды қайта қалпына келтіру мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Кәсіпкерлер арқылы аудан орталығында сауда орталықтары мен кәсіпкерлік нысандарды көптеп салу да жоспарда бар.

 

Dalanews.kz

                  

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x