Ауданда газдандыру саласы бойынша биыл 9 нысанның құрылысына облыстық бюджеттен қаржы қарастырылған-ды. Қазіргі таңда бұл жобалар басым бөлігі аяқталып, халықтың игілігі үшін жұмыс істеп жатар. Тек Жамбыл ауылындағы жоба ғана алдағы жылы аяқталады деп күтілуде.
2018 жылға өтпелі 7 ЖСҚ бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Мырзакент кентіндегі Энергетиктер көшесіне жобалаық сметалық құжат (ЖСҚ) әзірлеуге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, жеңімпаз «Сантех-Строй Проект» ЖШС болып анықталды.
Елді мекендерді газдандырудың даму концепциясына сәйкес, 2019-2025 жылдар аралығында аудандағы қалған елді мекендерді табиғи газбен қамту жоспарланып отыр.
Ал, аудандағы ауызсу мәселесі бойынша 2018 жылы облыстық бюджеттен Қоңырат және Дихан елді мекендеріне ауызсу жүйелерін қайта құру жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталды. Аудандық бюджет есебінен Т.Жайлыбаев елді мекенінің ауызсу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 3 елді мекенге ЖСҚ әзірленуде.
Жол саласы бойынша 2018 жылы жалпы ұзындығы 19,5 шақырымды құрайтын 19 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Dalanews.kz