Сайрам ауданында тұрғын үй мәселесі қалай шешілуде?

Dalanews 14 қар. 2018 16:19 314

Бүгінде Сайрам ауданында тұрғын үй бойынша шешімін таппаған бірқатар мәселелер бар. Ауданда тұрғын үй кезегінде тұрғандардың саны 1200-ден асып жығылады. Ал үй іргелік жер алу кезегіне тұрғандардың саны 12000-ға бір-ақ жуықтаған. Өкінішке орай, ауданда халықтың талабын қанағаттандыратын жер ресурсы жоқ.

Бұл ретте аудандық басшылары түйіткілді мәселенің түйінін тарқату үшін барынша жұмыс істеп жатыр.  Айталық, Манкент пен Ақсу елді мекендерінің арасындағы 230 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге көпқабатты тұрғын үй салуды жоспарланған. Жоба-жоспар дайын.

Егер жоба сәтті іске асса 300-ден астам бес қабатты үйлердің құрылысын жүргізуе әбден болады. Өз кезегінде бұл 7000-ға жуық адамның басын ауыртқан баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Егер ол жерді үй іргелік жер кезегінде тұрғандарға үлестірсек, бар болғаны 1000-ға жуық адамның өтініші орындалады.

Қарасу ауыл әкімшілігінің Қызылту елдімекенінде мемлекеттік бағдарламаға сай екі қабатты үш үйдің жобасы дайын. Әкімдік бюджетке ұсыныс жасап қойған. Құрылысы келер жылы басталады деп күтілуде. Бұдан өзге қаланың кіре беріс жерінде бос жерлерге көпқабатты үйлер салу бойынша жобалар жасалып, бюджетке ұсынылғанын айта кетуіміз керек.

Бүгінде Сайрам ауданы әкімдігінің қызметкерлері елді мекендерді аралап бос жатқан құрылыс салуға ыңғайлы жерлерді елді мекен шегіне кіргізіп, мәслихатта қарап, тиісті құжаттарды дайындау ісімен айналысып жатыр.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x