Ордабасы ауданында сот жүйесін дамыту мәселелері сөз болды

Dalanews 16 қар. 2018 09:19 258

Ордабасы ауданы әкімдігі ғимаратында ҚР Жоғарғы Сотында «Сот жүйесін дамытудың жеті түйіні» жобасының «Е-СОТ», «Оңтайлы орта», «Сотсыз татуласу орталығы» бағыттарын іске асыру мақсатында аудандық прокуратураның, ауданық ІІБ-нің, аудан әкімшілігінің, аудан әкімшілігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің, «Нұр Отан» партиясының филиалының өкілдерінің, кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың, ауыл әкімдерінің, ардагерлер кеңсесінің төрағаларының, БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Аудандық соттың судьясы А.Ө.Қалықұл, «Е-СОТ» бағыты «Виртуалды сот» пилоттық жобасын жүзеге асыруда, сот отырыстарын бірнеше рет кейінге қалдырмау және созбалаңдыққа салу деректеріне жол бермеу үшін, виртуалды түрде, облыс, қала, аудан орталықтарынан шалғайда орналасқан іске қатысушылардың сот отырысына келуін жеңілдету және ыңғайлы қол жетімді болу үшін смартфон ұялы телефонына «True – conf» бағдарламасын орнатып, процесті қашықтықтан (ВКС немесе смартфон телефоны арқылы) өткізуге, қылмыстық іс бойынша бас шарасы қамауда отырған сотталушылармен түзеу мекемелерінің арасында және мемлекеттік органдардың азаматтық істерге қатысатын өкілдерін, аталған мекемелердің компьютерімен интернет жүйесі негізінде камера арқылы сот процесіне қатысуын, қамтамасыз ету іс-шараларын ұйымдастыру тәртібін түсіндірді.

Сонымен қатар, «Оңтайлы орта» бағдарламасы шеңберінде Жоғарғы Соттың коммуникациялық стратегиясы негізінде халықтың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғам мен соттар арасындағы тиімді қарым-қатынасты орнату мәселесіне тоқталды.

«Сотсыз татуласу орталықтарын» кеңінен насихаттау, оны дамыту - қазақ даласының ғасырлар бойы елдің тыныштығын мен татулығын сақтай отырып, бітімгершілік рөлін атқарған билер институтының жалғасы екенін атап өтті, тараптар арасында туындаған дауларды шешудің тиімділігін, оны насихаттау жолын кеңейтудің маңыздылығын жеткізді.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x