Түркістан өңірі ет экспортының көлемін арттыра түспек

Dalanews 29 қар. 2018 12:00 238

Облыста қазіргі таңда ірі қара мал саны - 948 020 бас, оның ішінде аналығы 451 216 бас.

Сыйымдылығы 176 430 басты құрайтын шағын 10-15 бастық 14 мыңнан астам мал бордақылау алаңдары бар.

Мұнан бөлек, сыйымдылығы 18 000 басты құрайтын 1000 бастан басталатын 8 бордақылау алаңы бар. Жалпы, барлық мал бордақылау алаңдарының сыйымдылығы 194 430 басты құрайды.

Бүгінгі күні жалпы 7 мың тонна ірі қара мал еті Иран мен Өзбекстан елдеріне экспортталды. Сыйымдылығы 5 мың бастық ірі қара малды бордақылау алаңы, «Қайып ата» ЖШС-і бүгінгі күні Республика бойынша ең үлкен көлемдегі мал етін экспорттаушы болып табылады. Ет өндіру қуаттылығы жылына 4 мың тонна.

Айта кетелік, бұдан бұрын Түркістанға ат басын бұрған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Елбасы Жолдауын іске асыруда Түркістан облысында қарқынды бау шаруашылығын дамытып, өңіріміздің әрбір ауданында ірі мал бордақылау алаңдарын салуды тапсырған болатын.

Шөкеев өз сөзінде Мемлекет басшының ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту туралы тапсырма бергенін айтып, агроөнеркәсіп кешенінде аталған тапсырмаға қол жеткізу үшін саланы әртараптандыру, оның ішінде мал шаруашылығын дамытудың алатын орны ерекше екенін атап өткен еді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x