Төлеби ауданы әкімі білім беру нысандарының жағдайымен танысты

Dalanews 13 қар. 2018 11:12 258

Бүгін Төлеби ауданы әкімі Бауыржан Омарбеков Көксәйек ауылдық округіне жұмыс сапармен барып, аталған оқу орында білім алып жатқан студент-жастардың жағдайымен танысты.

Бірінші кезекте әкім Түркістан облысындағы  көпсалалы-техникалық колледжінің күрделі жөндеуден өтіп жатқан ғимаратының құрылысын және білімгерлерге арналған материалдық-оқыту базасы мен танысты.

60 – жылдық тарихы бар көпсалалы-техникалық колледжде, қазіргі таңда 741 бала білім алуда. Бүгінде білім ордасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысшы мамандығын дамыту бастамасын басшылаққа алып, жастарға түрлі мамандықты үйретіп жатыр.

Бұдан кейін аудан әкімі Жіңішке елді мекеніндегі, 125 оқушысы бар Көксәйек негізігі орта білім беретін мектебінің жұмысымен танысты.

Ауыл тұрғындары тарапынан, Көксәйек негізгі мектебінің ескі ғимаратын келешекте Жіңішке елді мекеніне жұмыс істеуге келетін жас мамандарға уақытша тұруға берілсе деген ұсыныстар айтылды.

Ал Көксәйек елді мекенінде Бауыржан Омарбеков 175 бүлдіршін тәрбиленіп жатқан «Жасмина» бөбекжайының жұмысымен танысып, қосымша соғылып жатқан ғимаратының құрылысын көрді. Сапар барысында аудан басшысы құрылыс жүргізіп жатқан мердігерлерге құрылысты сапалы және кестеге сай аяқтаудың маңызы зор екенін ескертті.

 

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x