Төлеби ауданында дәстүрлі құндылықтарды насихаттаған басқосу өтті

Dalanews 22 қар. 2018 11:03 823

Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында Тәуелсіз мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының өркендеп өсе түсуіне, елімізде дін саласындағы тұрақтылықтың қамтамасыз етілуіне, ынтымақ пен бірліктің артуы бағытында аудан көлемінде біршама нәтижелі жұмыстар атқарылуда.

Бүгін облыс әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес, облыс аумағында ұйымдастырылып жатқан «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиынның маңызды шаралары Төлеби ауданында өтті. Көшпелі керуеннің мақсаты – облыс тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру және деструктивті діни ағым жақтастарын Қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу болып табылады.

Мемлекет пен дін ара-қатынасындағы зайырлық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандырудың маңызы зор. Бүгінгі жиынды аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев ашып, жүргізіп отырды.

Сондай ақ, жиынға Түркістан облысы дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі директорының орынбасары Мәди Беспаев, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Шолпан Мамытханова, Төлеби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, ауданның бас имамы Самат Анарбаев қатысып, өз ой пікірлерін білдірді. Жиын еркін формат түрінде өтті.

 

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар