Әкім туризмді дамытуға қатысты тапсырма берді

Dalanews 26 қар. 2018 10:57 199

Төлеби ауданы әкімі Бауыржан Омарбековтің төрағалығымен кезекті әкімдік мәжілісі өтті.

Жиында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Өсербаев пен аудандық ТҮКЖ, ЖК және АЖ бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Н.Оспановтың өңірде туризмді дамыту мәселелері мен перспективалары туралы және аудан аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық бойынша атқарылған жұмыстар туралы талқыға түсті

Аудан басшысы есептерді тыңдап шығып, нақты тапсырмалар берді.

Біріншіден, барлық қала, ауылдық округ әкімдеріне көгалдандыру бойынша егілген ағаштарды қоршау, суғару, күтіп-баптау жұмыстарын тұрақты жүргізуді. Екіншіден, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Өсербаевқа ауданда қысқы туризмді дамыту, сервистік инфрақұрылымды, туризмдік маркетингті және қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстар атқаруды.

Сондай-ақ, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Қ.Мирқасовқа қала, ауылдық округтеріндегі көше қоршауларын, түнгі жарық шамдарын сындыру бойынша жасалатын бұзақылық іс-әрекетердің жолын кесу, анықтау және тиісті шара көру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

 

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x