Кентауда ұстаздар арасында психологиялық ток-шоу өтті

Dalanews 23 қар. 2018 09:50 139

Кентау қалалық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында 22 қарашада Иқан ауылындағы №25 мектеп базасында "Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас" тақырыбында психологиялық ток-шоу өткізілді.

Шараның мақсаты мұғалім мен оқушылардың арасында жақсы қарым-қатынас орнатуға ықпал жасау, сыныпта іскерлік қарым-қатынасты қалыптастыруға және мектеп оқушылары алдында өз абыройын сақтай білу дағдысын дамыту, психологиялық қолдау көрсету болып табылады. Семинарға қала әкімшілігінен Жадыра Нысанбаева, емхана психологы Малика Джангузиева, білім бөлімнің әдіскері Нұрипа Күзембаева және жалпы мектеп педагог-психологтары, педагогтар қатысты.

Ток-шоу барысында ой сергіту жаттығулары, сауалнамалар жүргізіліп, ашық пікірлер, ситуациялық жағдаяттар көрсетілді.

Семинардың бір ерекшелігі тәжірибе алмасу мақсатында қала мектептірінің психологтары ауыл мектептерге ,ал ауыл мектептерінің психологтары қала мектептеріне семинар тренинг өткізіп тұратын болады. Ток-шоудан педагог психологтар педагогтарға ХХІ ғасыр мұғалімі тәуекелшіл, толерантты, психолог, көшбасшы, заманауи техгнологияларды игеріп, рухани бай, интелегент, білікті педагог болу керектігін нақтылай айтып жеткізді. Дегенмен осы ток-шоудың ұйымдастыру жұмыстарына атсалысып қонақжайлылығын көрсеткен №25 мектеп әкімшілігіне үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Мектептің психологиялық ахуалы өте жақсы десекте орынды. Алдағы уақытта семинар жалғасын табады.

 

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x