Төлеби ауданында «Тұлға. Елбасы. Тарих» мерекелік шарасы өтті

Dalanews 30 қар. 2018 09:00 248

Төлеби аудандық мәдениет үйінде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Тұлға. Елбасы. Тарих» атты мерекелік іс-шарасы өтті.

Мемлекеттік Әнұранынан басталған мерекелік іс-шарада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің өнегелі өмір жолы туралы арнайы бейнеролик көрсетілді. Салтанатты жиында аудан басшысы төлебиліктерді тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтап, мемлекеттік мерекенің еліміз үшін маңызы зор екенін атап өтті.

– Мемлекетіміздің өркендеуі мен гүлденуі жолындағы Елбасымыздың атқарған еңбегі өлшеусіз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған серпінді жобалар мен бағдарламалар халқымыздың өмір сүру деңгейін жақсартып, мемлекетіміздің дамуын жаңа сапаға көтеруге мүмкіндіктер жасалуда. Еліміздің бүгінге шамшырағы жарқырап, әлемге әйгілі болуы, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуі, халықтың әл-ауқатының көтерілуі Ұлт көшбасшысының салиқалы да, сарабдал саясатының нәтижесінде жүзеге асуда, – деп аудан әкімі Бауыржан Омарбеков құттықтауын жеткізді.

Аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, ел игілігі үшін еңбек сіңірген азаматтарды Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 21 қарашадағы Жарлығы бойынша «Астананың 20 жылдығы» медальімен, аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, елдің белсеңді азаматтарына ауданның «Құрмет» Грамотасын табыстады.

Мерекелік іс-шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

 

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x