Мақтаарал ауданында фермерлер Одағының конференциясы өтті. Жиынға облыстық фермерлер Одағының төрағасы Жүсіп Шәріпов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының маманы Жанұзақ Әлжанов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Өсер Мырзамдамов қатысты. Сондай-ақ, аудандық фермерлер Одағының төрағасы Ыдырыс Стамқұлов мәжіліске төрағалық етті.
Күн тәртібінде аудандық фермерлер Одағының есепті баяндамасы тыңдалды.
Сонымен қатар, аудандық фермерлер Одағының кеңес мүшелері мен төрағасын сайлау, ауданға қарасты 2 кент пен 9 ауылдық округтің фермерлер Одағының төрағаларын бекіту мәселелері қаралды.
Жиын барысында желтоқсан айында өтетін Түркістан облыстық фермерлер Одағының конференциясына және «Қазақстан фермерлер Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің съезіне қатысатын делегат – фермерлердің кандидатуралары анықталды. Сондай-ақ, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ө.Мырзамдамов ауыл шаруашылығына берілетін субсидия, аудандағы тұқым шаруашылығының барысы туралы сөз сөйледі.