Жас суретшілер байқауы

Dalanews 20 қар. 2018 16:13 252

Таукент кентінің жастар ісі-жөніндегі маманы Р.Тайырұлының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары және колледж студенттері арасында жас суретшілер байқауы өтті.

Аталмыш сурет байқауына кенттегі мектеп, колледж бойынша барлығы 8 (сегіз) үміткерлер қатысты. Комиссия қорытындысы бойынша үміткерлерден алынған жұмыстарына зерделеу, тексеру, бағалау жұмыстары жүргізіліп, байқау жеңімпаздары анықталды. Байқау комиссиясы байқауға қатысушы үміткерлердің жұмыстарының А3 форматта түрлі қол жетімді тәсілдермен салынғанына қарады.

Комиссия қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздары:

І – орын І.Кеңесбаев мектебінің 8 – сынып оқушысы Жақып Жансезім

ІІ – орын С.Әліұлы мектебінің 6 – сынып оқушысы Айбекқызы Динара

ІІІ – орын І.Кеңесбаев мектебінің 7 – сынып оқушысы Өміртай Еркін

Байқау жеңімпаздары арнайы демеушілер есебінен мақтау қағазы және заттай бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x