Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – қоғамда патриот жастар қалыптастыру және ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу және сонымен қатар оқушыларға әлеуметтік желіні дұрыс қолдана білуді түсіндіру болды.
Дөңгелек үстелге 20 оқушы қатысты. 1 сағат уақытқа жоспарланған дөңгелек үстелде оқушыларға дайындаған баяндама оқылды. Дөңгелек үстел барысында оқушылар «Біз ғаламторды дұрыс пайдаланып жүрміз бе?!» деген сұраққа өз ойларымен жауап берді. Қазіргі таңда ғаламтор пайдалану заман талабы және одан мәліметтер қолжетімді екенін оқушылар айтты. Бірақ кез-келген нәрсе екі ұшты болатындай зиян дүниелер де бар, біз керек дүниелерді алып жүрміз деп ойларын жеткізді. Оқушыларға бос уақыттарында кітап оқып, рухани азық жинаңыздар деп айтылды.
Dalanews.kz