Түркістан облысы әкімі чемпионға құрмет көрсетті

Dalanews 26 қаз. 2018 16:08 235

«Safari Shardara» фестиваліде Түркістан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев астанасы Будапешт қаласында өткен армрестлингтен әлем чемпионатында алтын медальді жеңіп алған шардалалық Нұрдәулет Айдарханға темір тұлпардың кілтін табыс етті.

Шардара ауданындағы «Шардара Армспорт» спортклубының жас спортшысы, армрестлингтен Әлем чемпионатының жастар арасында 5 дүркін чемпионы және Әлем чемпионатында ересектер арасында 4 дүркін чемпионы Айдархан Нұрдәулет Не бәрі 20 жасына дейін, асқақ арманы мен ерен еңбегінің арқасында «Қазақстан Республикасының спорт шебері», «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» және Шардара ауданы спортының тарихындағы тұңғыш рет «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері» атанып, тарихымызда өшпестей із қалдырды.

Ол 60 келі салмақта сынға түсіп, барлық қарсыластарын жапыра жеңіп, әлем чемпионы атанған болатын. Қаршадай қазақ баласы осымен үшінші мәрте еліміздің көк туын биікте желбіретіп, өзге елде әнұранымызды шырқатып отыр. Ол алғаш рет 2015 жылы Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өткен әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілгені есімізде.

Ал екінші рет былтырғы жылы, яғни 2016 жылы Болгарияның Благоевград қаласында өткен әлем чемпионатында абыройы асқақтап, чемпион атанған. Енді міне, үшінші мәрте еліміздің мерейін үстем қылып, ақтық сында қарсыласынан айқын басымдықпен жеңісті жұлып алды.

Жастайынан қол күресі спортымен шұғылданған Нұрдәулет Шардара қаласындағы №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің түлегі. Ол бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы Академиялық инновациялық университетінің ІV курсында, дене шынықтыру және спорт факультетінде  оқиды.

 

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x