Кентаудың жас шахматшалары күш сынасты

Dalanews 22 қаз. 2018 03:32 329

Таяуда Кентау қаласы, Байылдыр ауылы С.Қожанов атындағы № 9 жалпы орта мектебінің спорт залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасының «Рухани-қазына» кіші жобасының «Ұлттық спорт» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары арасында «Спорт-денсаулық кепілі, рухани жаңғыру тұрақтылық кепілі!» ұранымен шахматтан Кентау қаласының чемпионаты өтті.

Жарысты өткізудің негізгі мақсат Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес халықты салауатты өмір салтын ұстануға баулу жастар арасында шахмат спорт түрін дамыта отырып, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың шеберлігін шыңдау және қарым қатынасын нығайту болып табылады. Жарысты ұйымдастырушылар:

– Бүгінгі осы жарысқа барлық бүлдіршіндер жақсы дайындалып, жеңімпаз боламыз деп үміт артып келді. Балалар өзара бәсекелестікке қарамастан ойын өте қызықты, әрі тартысты өтті. Шахмат шығармашылық ой-өрісті, интеллектті дамытып, есте сақтауды жақсартатын ойын. Мұнда дұрыс шешім мен оған жауапты дұрыс қабылдау маңызды болып саналады. Бұл спорт түрінде айқасқа тікелей әсер ететін тактикалық ойлау басты фактор болып саналады. Бұдан өзге шахматшының физикалық дайындығы да мықты болуы тиіс. Физикалық әлсіз адам көп уақыт бойы отырып жаттығу жасай алмайды. Және ең соңғысы – бұл еңбекқорлық, жинақылық пен табандылық. Себебі жарыстарға дербес жаттығу қажет болады. Біздің кентаулық балалар мұның бәрін жақсы түсінеді, – деді.

Жарыстың жеңімпаз командалары кубоктар, медальдармен және тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталды.

 

«Dalanews» ақпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x