Жолдау жетістікке бастайды

Dalanews 23 қаз. 2018 03:17 847

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Кентау қала жастарымен кездесті.

Қалалық Жастар орталығында өткен жиынға облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Төлегенов, Түркология ғылыми орталығы директорының орынбасары Нұрлан Мансұров қатысып, Елбасының жолдауындағы айқын басымдықтарды түсіндірді.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауда мемлекет басшысы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі векторлары мен бағыттарын, елдің ағымдағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалын, сондай-ақ әлемдегі геосаяси, геоэкономикалық жағдайды талдай отырып халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру шараларын айқындап берді.

– Жолдау қоғамның экономикалық, әлеуметтік салаларын қамтып, қарапайым тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Маңызды құжатта  Президент жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтілетінін тілге тиек етті. Елбасының белгілеп берген тапсырмасы арқылы қазына түсімі артып, сол бойынша жалақы көбейеді. Білім берудің сапасы артып, денсаулық саласына баса көңіл бөлінетін болады. Сондай-ақ, баспананың қолжетімділігі, ең төменгі жалақының 1,5 есеге артуы секілді бірқатар жұмыстар атқарылмақ. Мұның бәрі халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатының артуына толық негіз болады, – деді Ғалымжан Төлегенов.

Жолдауда белгіленген бағыттарды өңірімізде іске асыру бойынша нақты іс-шаралар мен міндеттер айқындалып жүзеге асырылатын болады.

Жиында сөз алған жастар «Елбасы Жолдауында атап көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы және саяси тұрақтылықты, халықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуге бар күш-қайратымызды жұмсайтын боламыз», – деп қолдау білдірді.

Студенттердің қойған сұрақтарына сала мамандары кең көлемде жауап берді.

 

 

«Dalanews» ақпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар