«Мақтаарал» – «Байқоңыр» 3:2

Dalanews 22 қаз. 2018 05:19 315

Жексенбі күні Мақтаарал ауданы, Атакент кентінде орналсқан «Алпамыс батыр» орталық стадионында жергілікті «Мақтаарал» командасы Қазақстан футбол чемпионаты (1-лига) аясында Қызылорда қаласының «Байқоңыр» командасын қабылдады.

Ойын басталысымен, мақтааралдықтардың алғашқы шабуылы нәтижелі аяқталды. Есеп 1:0.

Арада он минуттай уақыт өте, қызылордалық жігіттер қарсы шабуыл ұйымдастырып, есепті теңестірді. 1:1.

Бірінші таймның соңында, «Байқоңыр» командасының қақпасы алдында қарбалас сәтте, қызылордалық ойыншы өз қақпасына доп соқты. Автогол.

Бірінші тайм 2:1, мақтааралдықтардың пайдасында.

Екінші тайм басталысымен, мақтааралдықтар үздіксіз шабуылының бірі нәтижелі аяқталды. Есеп 3:1.

Ойын соңында мақтааралдық қақпашы қарсыластың шабуылшысымен допқа талас кезінде ойын ережесін бұзып, төреші 11-метрлік айып добын тағайындады.

Айып добын сәтті орындаған қызылордалықтар есепті бір допқа қысқартты. Соңғы минутқа дейін тартысты өткен ойын 3:2 есебімен, «Мақтаарал» командасының пайдасына шешілді.

Айта кетейік, 4 – қараша күні «Мақтаарал» өз алаңында Алматының «Қайрат академия» командасын қабылдап, 2018 жылдың футбол маусымын аяқтайды.

 

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x