Рухани келісім күні Арыста да аталынып өтті

Dalanews 19 қаз. 2018 05:25 752

18 қазан – Рухани келісім күні Арыс қаласында қала әкімінің орынбасары Р. Айтбаевтың қатысуымен мерекелік кездесу болды. Қазіргі таңда елді татулық пен бірлікке үндейтін күн Түркістан облысында өз деңгейінде аталынып өткені белгілі. Соның айқын бір дәлелі Арыс қаласында өткен кездесудесек артық айтқандық болмас еді.

Өткенге шегініс жасайтын болсақ, 1992 жылы 18 қазанда Алматы қаласында Әлемдік Рухани Келісім Конгресінің бірінші сессиясы болып өткенін біліміз.  Адамзат таихында алғаш рет дін, мәдениет, қайырымдылық және түрлі қоғамдық ұйым, жалпы руханият саласының өкілдері бас қосып, арнайы манифест қабылдап, бірауыздан 18 қазанды рухани келісім күні деп білгелеген болатын.

Осы айтулы дата күні Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында «18 қазан Рухани келісім күніне» орай салтанатты жиын өтті.

Жиынға қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Төлепов, қаламыздың бас имамы А.Абдулкамал, қала және ауылдық округтердегі мешіт имамдары және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, қала әкімінің алғыс хаттарымен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар