М.Бекетаев "22 миллиард долларды ешкім де алмайды"

Dalanews 26 желт. 2017 15:02 408

 Әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстан Ұлттық қорындағы бұғатталған 22 миллиард доллардың ҚР иелігінде қала беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

– Лондондағы процеске келсек, бұл қаражат Қазақстан иелігінде қала береді. Қаражат тәуелсіз иммунитетпен қорғалған. Бұғатталды деген мәселе алдағы уақытта бұл активті біреулердің қолына өткізу мүмкін еместігінде. Ұлттық қорды басқаратын Ұлттық банк салмақты саясатты ұстанады, тұрақты активтер құйылды, бұл қаражат иелігімізде қалып, табыс түсіреді. Қатер шағымның шектеулі сомасына қатысты - бұл шамамен 500 миллион доллар. 22 миллиардты ешкім ешқашан ала алмайды, – деп мәлімдеді министр үкімет отырысының үзілісінде.

Бекетаевтың айтуынша, Қазақстан барлық құжат пен дәлелді биылғы маусымда ағылшын сотында ұсынған, ағылшын соты алаяқтық деректерінің барын растаған.

– Бұл іс Лондондағы сотта қаралады. Алаяқтық бойынша сот тыңдауы 2018 жылдың қазанына белгіленген. Біз тіпті шағым сомасын бергіміз келмейді, себебі арбитраждық шешім алаяқтық жолмен жасалған, – дейді Бекетаев.

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев өз кезегінде қаржы реттеушісінің ұлттық қорды басқара отырып қаражатты сыртқы басқарушылар арасында үлестірілетінін түсіндірді. Алайда басқару құрылымы мынадай – бұл қаражат бірнеше кастодианда – барлық қаржы құралын есепке алып, сақтау бойынша мамандандырылған функциясын жүзеге асыратын банктерде болады, бұл қаржы құралдарына Ұлттық қор инвестиция құйып, сол қаражат бойынша есеп жүргізеді. Бұл дегенііңіз мұндай кастодиандардың бірнеше екенін білдіреді, Қазақстан ұлттық қоры бойынша бірнешесі бар.

– Бельгияда орналасқан кастодиан "Нью-Йорк Мелон" банкі, онда қазіргі уақытта шағым аясында бұғатталған 22 миллиард доллар бар. Үкімет те, заң кеңесшілеріміз де бұған дейін де талай мәрте жария еткен шағым сомасы қазіргі уақытта бұғатталған қаражат деңгейімен салыстыруға келмейтіні анық, – деп есептейді Ақышев.

Ұлттық банк басшысы Қазақстанның бұл шешімнің заңдылығына наразылық білдірді. "Бұл шешімге шағым түсіру мүмкіндігі бар. Қазір біз жұмыс істеп жатырмыз, себебі кастодиан-банк шағым сомасы сәйкес келмейтінін біле тұра активтерді бұғаттап, біздің ойымызша, заңсыз әрекетке көшті. Екіншіден, бұл мәселе олардың құзырында емес деп есептейміз", – деді Данияр Ақышев.

Ол Қазақстанның осы мәселені шешу үшін белсенді жұмыс істеп жатқанын айтты. Айтуынша, Әділет министрлігі бұл жағдайда үкіметтің мүддесін қорғайтын негізгі орган болып отыр.

– Ұлттық банк барлық қажетті қолдауды білдіріп отыр, оның ішінде заң кеңесшілерін жалдап отыр. Мұнда мәселе қатерлі деңгейде немесе активтерді жоғалту туралы сөз болып отыр деп ойламаймын. Иә, шын мәнінде құқықтық дау бар. Қорытындысында бұл дау өз шешімін табады деп есептеймін. Біз жеткілікті әрі айтарлықтай маманданғанбыз және біздің кеңесшілер тиісті деңгейде жұмыс істеп, ұлттық қор қаражатын қазіргідей жағдайда толықтай игере аламыз деп ойлаймын, – деді Ақышев.

Еске салайық, таяуда Bank of New York Mellon Қазақстан Ұлттық қорының 22 миллиард долларын бұғаттаған болатын.  "Ұлттық банк та Қазақстан Республикасы да қазіргі уақытта соттың бұл шешіміне шағым білдіру мүмкіндігін қарастыруда. Сонымен бірге, бұл шешім Ұлттық банктің және Қазақстан Республикасының басқа шетелдік юрисдикциялардағы позициясына да, Стати орындауға талпыныс жасап отырған төрелік шешім алаяқтық жолымен алынды деген Қазақстан Республикасының дәлеліне де еш әсер етпейді", – делінген Әділет министрлігінің сайтында жарияланған хабарламада.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x