«Бізге бұндай басшының керегі жоқ!»

Dalanews 27 жел. 2017 04:49 809

Сарысу ауданы әкімі Балабек НАРБАЕВТЫҢ назарына!


 

Редакциядан: Біз бұған дейін Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы «Айгүл» балабақшасында орын алған келеңсіздер жайында мекеме қызметкерлерінің шағымын сайтымызға шығарып, Жамбыл облысы әкімі Кәрім Көкірекбаевтан қарапайым халыққа араша түсуін өтініп мақала жазған едік. Сол мақаладан кейін жағдай түзелген болатын. Жақында «Айгүл» балабақшасының бірнеше қызметкері редакция поштасына тағы да хат жолдап, білім ордасында орын алған жайсыз жайттарды баяндап, көмек сұрады. Осы ретте біздер облыс, аудан басшыларының бұл мәселені тағы да оң бағытта шешеді деген үмітпен қарапайым еңбеккерлердің хатын сайтымызға жариялап отырмыз.  Осы ретте заңдылықты сақатай отырып, сайтымызға қос тараптыңда пікірін жариялауға дайын екенімізді хабарлаймыз. 

 

Біз «Айгүл» балабақша ұжымы мына төмендегіше мәлімдеме жасаймыз. Айтарымыз балабақша меңгерушісі Стамбекова Жаңаш Тәжібайқызы жұмыс істеу қабілетінің жоқтығына байланысты болып тұр. Балабақша саласын дұрыс меңгере алмауда.  Жаңаш Тәжібайқызы келгелі бері, балабақшамыздың жағдайы нашарлап, ұжымның ауызбіршілігіне сызат түсті.

Қазір  топ-топқа бөлінген ұжымның берекесі кетті. Біраз ата-аналар балаларын басқа балабақшаларға ауыстырып жатыр. Балабақша меңгерушісі бұған  қарапайым жұмысшыларды, яғни тәрбиешілерді, тәрбиеші көмекшілерін, қарауыл, сыпырушыларды кінәлайды. Қызметкерлер ауырып ауруханадан шықса, аурухана анықтамасы болса да ақы төлемейді. Ал кәсіподақ ұйымының төрайымы Айнаш Оспанова болса жұмысшылардың құқығын қорғай алмай отыр.

Сондықтан біздер Жаңаш Тәжібайқызының балабақша меңгерушісі болып жұмыс істеуге тәжірибесі жетпейтіндігін мәлімдейміз. Бұл кісінің жұмысы жұмысшылардың айлық жалақысын қысқартуынан, жұмысшыларды себепсіз қанауынан, «бұл жерде мен басшымын менің айтқаным болады» деп қоқан-лоққы көрсетуінен мезі болдық.

Балабақшамызға тексеру келе жатқанын естіген бетте балабақша меңгерушісі қолына су бүрккішті алып, кіре беріс жолдарға су бүркеді. Бұл суды оқытылған деген қауесет бар. Біздің өмірімізге қауіп төніп тұр. Бір сөзбен айтқанда бізге бұндай басшының  керегі жоқ.

 

«Айгүл» балабақшасының қызметкерлері

Т. Нұрпейісова, Т. Искакова, О.К. Максидова, Е. Тулағанов, Н. Смайлов, А. Алтаев.

 



 

https://dalanews.kz/20607

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар