Қиял көгіндегі қыран құс 

Dalanews 25 қаң. 2017 10:32 254

(Асаубек Айымбетовке) 

Үнсіздіктің құшағында қынжыла жүріп, сырлас іздедім. Ол- қиял көгіндегі қыран құс. Ол-сізсіз. Асау аға, мен сіздің есімді алғаш естіген шағымда-ақ, сақ патшайымы -Зарина ханшаның "Асау жүрек болмаса, жарқын болмас өмір, асау сезім болмаса, мұзға оранар көңіл, асау жігіт болмаса, балқымайды өздігінен темір"деген сөз жадыма оралды. Оралды. Ойлантты. Асаубек аға, сіздің жазбаларыңызбен қауышқан сəттерде қолыма қалам алғым келе беретін. Бірақ... Сіздің ойды жалғауға əзірлігім кем болды. Енді əзірмін. Сізді мен даланың аңғал ұлы деп санаймын. Сондықтан, даланың перзенті аңғал, талғампаз, текті, тұнық. Тұнықтық- жан қалыбының кіршіксіздігі. Тұнықтық-арманның бейнесін адал жүрекпен сала алу. Тұнықтық - дала баласының ғасырлар бойы айрылмаған келбеті. Сіздің жаныңызға үңілген сайын, үміттің үзік сырларын танимын. Үнсіз ой кешем. Ойдан -ойға ұрынып, кейде сіздің бірқатар жазбаңыздан, бір ауыз сөзіңізден бүгінгі өмірдің жайын түйсінгендей боламын.

Жазыңды ұрлап кеткенге, 

Көктеммен жауап бере біл.ытай халқының нақылы бар).

Жан əлемі - жазды ғана қалайтын жандар көп. Қалау мен орындай білу - екі басқа нəрсе. Айналамызға көз салсақ, бар адам жан əлемін жаз қылып жұртқа көрсеткісі келеді. Кезінде бір атақты француз суретшісінен бір суретті жаңа салып жүрген суретші сұрапты. "Ұстазым, күліп тұрған адамды салғым келеді. Салып та жүрмін. Қыл қаламым салған суреттерден өзімнің жүрегіме жақын ерекше шын күлкіні таппадым. Неге бұлай?" - деген сауалына жауап беруін өтіне сұранған көрінеді. Суретші сонда: "Жан əлемінің жазы мен күзі - жанар мен үнінен аян. Қарағым, бетті опалап бояп, жұрттан жыл салған əжімді жасырамыз. Шын болмысымызды жасырғымыз келеді. Адам - ең мықты суретші. Бəрін бояп, өңін аудара алады. Сен көрген бояулы жүздер. Иә. Олардын езулерінде күлкі бар. Иә. Бар адам езуіне күлкі үйіре алады. Езу мен жанар бір күлу керек ежелден. Қазір, тек езуде ғана күлкі. Жанарлар күлмейді. Жанары күлмеген жан - болмысты бояп шаршаған адам. Болмысты бояу – уақытша ғана мүмкін. Боямасыз болмыс – мəңгілік. Ол - суреттің мəні. Болмысы боялған олардың ешбірі жан əлеміне жазды тұрақтата алмайды. Жазды тұрақтату – қиын. Көбі көктем мен күздің арасында жүреді" деген екен.
Асаубек аға, сіздей жан əлемі жаз жандар тым сирек. Түрік халқында, "Көз күлгені – көңілдің күлгені" деп тегін айтпаса керек.

Сарқылмас сезім теңіздей, 

Үміт боп жүрсе көз ілмей.  (Айпер ханум)

Пендеміз ғой. Бұл сөз - сізге етене жақын. "Пенделік - қатені тағдыр түзесін деген тілек" деген екен кəрістің бір данышпаны.
Сіз үнемі жан қадірі мен сөз қадірін биік ұстауға тырысатыныңызды аңғарам. Асаубек аға, сол сіздің қасиеттің бағасын ұға түсу үшін... Мен бүгін бір дастанды сөйлете бастаймын. Ол дастан - түркімен дастаны. Атауы - "Қар жаумай кетпес, Қаржаубай" атты дастаннан көңіліме қонақтағандарын сыр етіп ұсынбақпын. Айпер ханум - сол дастанның бас кейіпкері. "Бек пен бегімнің ұлылығын аңдау үшін - олардың жан қадірі мен сөз қадірін қалай білетін білмек керек. Танымақ керек. Жан мен сөз қадірін ұғу - ессізге күлкі, естіге мақсат. Адам құны арзандап, сенімнен бір түйір сарқыншақ қалмайтын кез неден туады?! Сөздің қадірі қашса, адамның қадірі өзінен-өзі кемиді. Адам қадірі кемігені – жанның қадірі, жүректің қадірінің жойылуы. Сөзге қадір деп қарау – адамдық келбетпен ұлы мұратқа жарау.

Адамның қадірі – жан қадірін қашырмау деп түйсінген жаннан майдалық байқалмайды. Майдалық – сөз бен істің алшақтығынан бастау алады" деген екен Айпер ханум.

Мен сіздің сөз қадірін жетік түсінуіңізді қазақи қалыптан білемін. "Сөзден –сыр, сөзден – нұр тамдыра білмек, адам боп өмірді сүрмек" деген түркімен халқының нақылына еріксіз жүгіндім. Сіз – бір ауыз сөзді сырға, жан жүрекке құйылар алау нұрға айналдыра алатын азаматсыз!!!
Жетістік - жүрекке тəуелді.

Жеңіс - білекке тəуелді. (Парсы халқының халық əнінен)

Асау аға, алғыс айта білу - кейбіреу үшін қиындау жəй екен-ау.
Алдыңғы жазбамда сөз еткен - Айпер ханумнан қалған есті сөз. "Алғыс жаудыру - жүректі жылы сөзбен жандыру. Жылы сөзбен жанған жүрек -тіршілікке ғашық. Жақсылық жасауға құштар, өз кəсібіне ұста болар. Алғыстың қадірін - қарғыс арқалаған білер. Кезінде Бағдаттық бір зергер, "саусақтың қадірін білген - шеберге, сөздің қадірін білген - ақынға алғыс айтары хақ. Шебердің қолы, ақынның көңілі - алғыс сөзге лайықты" деген екен. Қазір алғыс айтқысы келмейтіндер көбейді. Алғыс айтса, жолынан адасатындай сезінеді шамасы. Рақмет - разылық. Рақмет - адамдыққа дəнекер. Рас, Адамдар анасына алғыс айтуды бір минут жадынан шығармаса, əр істе алғыс айтуды ұмытпас еді".

Сіз - алғыс айта білесіз! Барша көрермен хəм тілекші досты бірдей қабылдап, бірдей бағалай аласыз. Сіздің артықшылығыңыз - жылы ниетті жауапсыз тастау болмысыңызда жоқ.

Үнсіздіктің құшағында қынжыла жүріп, сырлас іздедім. Ол – қиял көгіндегі қыран құс. Ол - сізсіз. Асау аға, мен сіздің есімді алғаш естіген шағымда-ақ, сақ патшайымы -Зарина ханшаның "Асау жүрек болмаса, жарқын болмас өмір, асау сезім болмаса, мұзға оранар көңіл, асау жігіт болмаса, балқымайды өздігінен темір" деген сөз жадыма оралды. Оралды. Ойлантты. Асаубек аға, сіздің жазбаларыңызбен қауышқан сəттерде қолыма қалам алғым келе беретін. Бірақ... Сіздің ойды жалғауға əзірлігім кем болды. Енді əзірмін. Сізді мен даланың аңғал ұлы деп санаймын. Сондықтан, даланың перзенті аңғал, талғампаз, текті, тұнық. Тұнықтық – жан қалыбының кіршіксіздігі. Тұнықтық – арманның бейнесін адал жүрекпен сала алу. Тұнықтық - дала баласының ғасырлар бойы айрылмаған келбеті. Сіздің жаныңызға үңілген сайын, үміттің үзік сырларын танимын. Үнсіз ой кешем. Ойдан - ойға ұрынып, кейде сіздің бірқатар жазбаңыздан, бір ауыз сөзіңізден бүгінгі өмірдің жайын түйсінгендей боламын.

Асаулық – ардың қалқаны. Онсыз иленген терідей болмыста тоқырау болады. Кəрістердің мифологиясында «Асаулық деген ақыл-парасатпен бір болса биіктік, оларсыз асаулық жай ғана өркөкіректік» деген екен. Сіздегі ақыл-парасат – жаңа бүршік жарған көктемнің қарағаш талы сияқты ма, қалай?!

Яки, Емен ағашы боларсыз?! Емендей еңселі болуыңыз үшін сан жолдан өткен де боларсыз?.. Аға, асаулау болмыс болмаса, жігердің бордай үгілуі жиілейді. Асаулық керек, жаныңды жаралап, жазыңды ұрлап кетпеуі үшін. Кейде осы адамдар жаздай жадырап жүргендерге көңілдің күз кейпін сезіндіруге талпынатыны қалай? Көңіл күзі – жан қаритын қысқа айналып кетеді ғой. Қыс... Көктеміне жету де арман... Асау аға! Көңілдің жазын қыс етуге құштарларды көруден қалжырап жүрсіз-ау. Мен де. Дəл сол сəтте жəрдемші – асау болмыс қана.

Биікке өрлеу - өршілдік. (Испан халқының нақылы) 

Өршілдік - тағдырдың əр сынынан жасқанбау. Дəл қыран секілді. Өрлік -ердің бейнесі хəм үміттеріне өмір сыйлай білу деп ұғам. Ертеде, бір жапон ғұламасы бар шəкірттерін жинап, бір келелі кеңес өткізген көрінеді.
Сол кеңесте бір ғана сауал берген көрінеді. "Ер болмысының нүктесі қай қасиет" деген. Шəкірттер адам болмысын əр қырынан зерттеп, əр қилы жауаптар ұсыныпты. Ғұлама сауал жауабын соңында өзі шəкірттеріне баяндаған көрінеді.

«Ер болмысының нүктесі - өршілдік. Өршіл болмаса, өмірдің сындары сүріндіреді. Тіршіліктен көңіл суытып, түңілдіреді. Өршілдік - еңсенің тік болуы. Еңсе еңкіш тартқан сайын, ердің ер аты кеми түседі. Соны кемітпейтін қасиет – өршілдік. Өршілдік – өр мінезділік. Ер болмысын кірлетпейтін қасиеттің бірі – осы" деген екен.

Асау аға, еңсеңіз лайым тік болсын!!! Ер болмыстың нүктесі – өр мінезіңіз сізді тек алға сүйрей бергей!!!

 

****

Асау аға, "Қиял көгіндегі қыран құс" - Айпер ханумның жыры.

Жазбалар легін жырмен көмкергім келді. Сіздің де қалам тербейтініңізді білемін. "Ақын көңіл - адаспас дос табуда" дегенді Назым Хикмет неткен шеберлікпен хəм дұрыс ой қорыта білген?!

Биік таулардан, сірə, 

Кем емес ар шыңы. 

Жанарға жас тұна, 

Ұққандаймын мұны.

Көңілде кейде бір шыны, 

Бағалы жаққұттай құдды. 

Шаққан соң жамағаннан, 

Бағзыдай болмас құны.

Қиял көгін бұлт жапса, 

Жарық күнің де нұрсыз. 

Қиял көгін күн шалса, 

Жасамассыз жырсыз.

Айпер ханумнан бірде ақылына көркі сай құмасы сұраған деседі. "Қиял көгіне қалай қыран қонақтайды" деп. Сондағы Айпер ханумның жауабы: "Қиял көгіне қыран да, қарға да қонақтай алады.

Қарға - өсек пен бос сөзің. Сен ылғи тек жақсы ойлай бермейсің ғой. Қарғаны бірақ ұзақ қондыруға болмас. Қыран қонақтар дегенім - бір адам жайлы ылғи жақсы ой ғана ойланасың. Ол - қиялыңдағы ғазиз жан. Оны да əркез ойлана бермейтінің анық. Тек, ойлаған мезет - жан дүниенің жаңа тынысы ашылғандай сезімде боласыз. Қиялдың төрін – қыранға ұя қылудан жалыққан емеспін. Қиялдың көгі – тірліктің бір шуақты сəтін жақындатады жəне жақсылықты сезінуге мүмкіндік береді".

Мен үшін де солай. Сіз жайлы туынды жазам деп ойланғам. Бірақ, сіз жайлы жазып жүрген бұрымдылардан хабар алған соң туындымды жазуымды доғардым. Сіз – менің ғана қиял көгімде емес, талай жанның қиял көгінде тірлігін шуаққа толтырып жүрсіз, Асаубек аға!!!

(Жалғасы бар)

Мейірхан МЕЙРАМБЕКҰЛЫ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x