Ақорданың сайтында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында былай деп қаулы шыққаны хабарланды:
1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне;
денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне бөлу арқылы;
2) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі экспортты ілгерілетуге жауапты ретінде айқындалып, туристік қызмет саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне беріле отырып;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі:
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне;
елді мекендердің шекарасы (сызықтары) шегінде электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын, белгіленген қуаты 100 Гкал/сағаттан төмен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне;
сәулет, қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй қатынастары, сумен жабдықтау, су бұру, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты-тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне беріле отырып қайта ұйымдастырылсын.
- Мемлекеттік органдар берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқорлары болып белгіленсін.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдардың штат санын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша қайта бөлуді;
2) 2017 жылғы 1 шілдеге дейін осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
- “Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
“Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.”;
“Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;” деген жол алып тасталсын.
- Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.”, – делінген Қаулыда.
Жіберіп алмаңыз:
Елбасы бүгін кешке үндеу жариялайды
Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
Нұрсұлтан Назарбаев өзіне тиесілі билікті бөліп беруге кірісті